Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысының кәсіпкерлері бизнес үшін жылына 1%-дық несие алады


Маңғыстау облысының кәсіпкерлігін дамыту үшін «Даму» Қоры 1,8 млрд теңге бөледі. Жергілікті атқарушы билік бұған қоса 900 млн теңге бөледі. Осылайша Маңғыстау облысындағы «Нұр Капитал» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жалпы сома 2,7 млрд теңгені құрайды. 

«ForteBank» АҚ аталған бағдарлама бойынша алғашқы 322 млн теңге қаржыны бірінші болып алды.

Қаржыландырудың талаптары:

«Нұр Капитал»осы өңірге қаржыны теңдей бөліп беру мақсатында, Маңғыстау облысында (Ақтау қаласынан басқа) тіркеліп, жұмысын жүргізіп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға арналған аймақтық бағдарлама аясында дайындалған. 

Мақсаты:

- инвестиция тарту,

- айналым қаражатын толтыру- инвестициялық жоба сомасының 30%-ы.

Бір борышкердің қолына тиетін  шекті сома: 30 млн теңгеге дейін;

Мерзімі: 7 жылға дейін;

Кәсіпкер үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі: 8,5%-дан аспайды.

«Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша қаражат алған кәсіпкерлер «Даму» қорының көмегімен несиені субсидиялай алады. Нәтижесінде пайыздық мөлшерлемені 8,5%-дан 1%-ға дейін төмендете алады.

«Мұндай қолайлы жағдай – жаңа өнімдер мен жаңа кәсіпорындар қатарын көбейтіп, Маңғыстау облысы бойынша кәсіпкерліктің биік белеске көтерілуіне септігін тигізеді», - деді «Даму» Қорының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиал бастығы Гүлжан Қалымбетова.

Кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда кәсіпкер несие сомасының 85 пайызына дейін «Даму» қорының кепілдігін пайдалана алады.

«ForteBank» АҚ Басқарушы директоры Ляззат Сатиеваның айтуынша, банктің жолға қойылған бизнес-процестері мен банк филиалы қызметкерлерініңкәсіби шеберлігінің арқасында қысқа мерзім ішінде кәсіпкерлер несиеге қол жеткізіп, бірқатар қызықты жобаларды жүзеге асыра алады.

[img src="file:///C:\Users\User\AppData\Local\Temp\msohtmlclip1\01\clip_image002.jpg" alt="ЛОГО ДАМУ" height="51" width="134">«Даму» Қоры – бұл ұлттық даму институты, 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. «Даму» Қорының міндеті – ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына  қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету. Баспасөз қызметінің  тел.: +7 (727) 2445566 (ішкі 1042) сайт: www.damu.kz


Ақпараттық ресурстар