Регистрация
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Вперед
Назад
Регистрация
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мунайлинский район

Официальный интернет-ресурс акимата района

СОДЕРЖАТЕЛЬНАЯ ПРОПАГАНДА ПОСЛАНИЯ


Елбасы Жолдауын халық арасында кеңінен талдап түсіндіру мақсатымен республикалық ақпараттық топ мүшелері Мұнайлы ауданындағы «Қазақстан теміржолы» ҰҚ» МОФ қызметкерлерімен кездесуін аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Тәжібаев кіріспе сөзбен ашып, Жолдауға байланысты ой - тұжырымдарын ауданда атқарылып жатырған нақты істермен ұштастырды.

Алғашқы болып сөз алған ҚР энергетика вице-министрі Мағзум Мырзағалиев Елбасы Жолдауында қамтылған басым бағыттарды саралап, дамудың бағдарына айналған Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылады. Мәселен, мемлекет  дамуының  сындарлы сәттері, халықтың әл-ауқатын арттыру шарттары және Жолдауда айтылған көліктік логистика төңірегінде ой өрбітіп, Елбасының «Нұрлы Жол - Болашаққа бастар жол» атты Жолдауының халқымыздың бірлігін нығайтып, елімізді жоғары қарқынмен даму көкжиегіне нық қадам басуға бастайтындығына сенімді екенін білдірді.

«Елбасының биылғы Жолдауы - еліміздің өркендеуінің алғышарты. Әр жыл сайынғы Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Өйткені Президент Жолдауы еліміз үшін жыл сайынғы басты құжат. Президенттің биылғы Жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға арналып отыр. Осыған орай бұл Жолдау бүкіл халықтың көңілінен шықты, қазір ол мемлекетіміздің барлық аумақтарында, басқару, оқу-өндірістік салаларда, мемлекеттік емес ұйымдарда кең қолдау тауып отыр», - дейді мәжіліс депутаты Серік Жәмекұлы.

Өз ойларын еркін жеткізіп, халықпен пікір алмасу сипатында өткен жиында темір жол қызметкерлері Елбасының Жолдауына шынайы қолдауларын білдіріп, ойларын ортаға салды.

Елбасы Жолдауын талдап түсіндіруге арналған ақпараттық топ мүшелерімен болған теміржол саласының қызметкерлерімен өткен жиынын аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Төлегенұлы қорытындылады.


Информационные ресурсы